Мәрмәр шың – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Мәрмәр шың» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2510
Көз тұндырып тұр алдымда мәрмәр шың,
Көрген адам дегені ме таңдансын.
Сиқырлайды, сезіміңді, сырлы тау,
Көрмегенге айта жүрер армансың.
Көркемдігі көз тұндырар, жасаған!
Қаланыпты ақ мәрмәрдан босағаң.
Осы таудың тастарынан Лермонтов,
Деп қаласың жырын қашаған...
Тіл қатпайсың білмегенге түс танып,
Тілдесесің аспанменен сұстанып.
Атқылаған нарзаныңнан ерекше,
Тұр ма дерсің, сарқылмайтын күш дарып...
Келер саған аңсаған жұрт ағылып,
Келер саған үміт оты жағылып.
Келер саған ақындары өр елдің,
Өрлік жайлы аңыздарды сағынып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері