Жақ пен тілім жаңылма! – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Жақ пен тілім жаңылма!» атты Ерлан Ахмет жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ерте, әлде, біреуден кеш тая ма,
Бақыт, шіркін, уақытқа дес қоя ма?!
Нәпсісінен күйреген нәумездердің
талай шағын көрдім ғой, есте, аға.

Сақтай білген бабалар мұрағатын,
ұғына алар ұлылар ұлағатын.
Жалт-жұлт еткен жалғанда бақ дегенің –
рух күші екен шыңдарға шығаратын.

Қарай-қарай жан-жаққа жалыққанның,
есебі жоқ ес кетіп тарыққанның.
Мен – Алпамыс, Найманның Төртуылы
ауыздықтар талайын алыптардың.

Зымырайды, зырлайды құралай-күн,
жалаң аяқ, жалаң төс қуалаймын.
Құлап аққан тау-тастан Жеменейдей
дүркіреймін, бірақ та жыламаймын.

Өтіп барады күндерім алып-ұшып,
бұйрығына Уақыттың бағынысып.
Жаным – Зарлық, арманым – Мұңлықтайын,
кездесе алмай жүретін сағынысып.

Жорғалаған бұлттармен жарыстырып,
ауыздықпен намысты алыстырып,
өткен менен бүгінді табыстырып,
мен келемін – көк бөрі, барыс тұрық.

Бейнетімнен болсыншы бағым басым,
тірліктегі тынысым тарылмасын!
Жалғанда бұл жүрегім – лүпілінен,
жақ пен тілім тілектен жаңылмасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақ пен тілім жаңылма! өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Жақ пен тілім жаңылма! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақ пен тілім жаңылма! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жақ пен тілім жаңылма! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері