Торламасын көгімді қара бұлттар

Бұл бетте «Торламасын көгімді қара бұлттар» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қарауыл Түн кірпігін қаға алмаған
тербетеді бесігін Тыныштықтың.
Жымыңдасқан жұлдыздар – сан алдаған
маржандары Көктегі ырыс-құттың.

Тал-құрақтың тірлікте тыншымаған
жас сәбидей иісі жұпар аңқыр.
Әлсіреді үскірік шымшылаған,
еркіндіктен еңселі жұтаған қыр.

Аққу үні әдемі іңірдегі,
көзін жұмса кешкі оттар шамшырағы.
Әлдиіндей ғашықтар тіліндегі
әндеткенде өзендер сарқырауы.

Еміс-еміс алыстан естіледі
құдіретті бір дауыс дүркіреген.
Найзағайы жанымды тескіледі,
төнердей кеп жеріме нұр тілеген?!

Қара бұлттың қабағы түйіледі
дүниені кетердей жалаңаштап.
Қырау желі ызғырық үйіреді,
оңайдағы олжаны ала қашпақ.

Оң мен солым дауылдың қамалында,
төпелеген жауыннан жауыр болды.
Болашағы,базары –
бәрі алдында,
шүкіршілік, тек біздің ауыл болды.

Дауылы да,
желі де,
жауыны да
шүйілмесін, көгімде желпінбесін.
Еніп алып Тыныштық бауырына,
кең тыныстап, Гүл-Ғұмыр, еркіндесін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Торламасын көгімді қара бұлттар өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Торламасын көгімді қара бұлттар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Торламасын көгімді қара бұлттар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Торламасын көгімді қара бұлттар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері