Бұл бетте «Балықшы сыры» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2408
Мен осында сырын білем,
Әрбір арал, әр тастың.
Жалаң аяқ зыр жүгіргем,
Жағасында Балқаштың.
Жас кезімде кетіппін мен,
Ерте тұрып үйімнен.
Балқаш мазақ етіп күлген,
Толқынымен үйірген.
Болды менің сырласым да
Теңіз сыры, жел шуы.
Біліп жеңбей тынбасымды
Көнді ақыры көл суы.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі