Датым бар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Болашақ ұрпақтарға ғибратты ой айтқалы,
Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз,
Айтуға датым көп ой қозғағалы.

Адам деген бір пенде ойланбаған,
Қолда бар асылтасты сыйламаған,
Рахым етпеген үшін оны Аллам,
Бағанағы асылтасты қайтып алған!

Не ұқсын надан байғұс құр тамақтан,
Құр сандалып жүруден әуарадтан,
Гауһарды тас екен деп лақтырған соң,
Не деуге болады құр ақымақтан?!

Ерінсе өмір адамның ісі өнбес,
Құралы мен талантты да оған көнбес,
Атасынан қалған байлығына масаттанып, ол да бітет,
Ешбір адам уақыттың елшісіне ешкім қарсы келмес!

Адам деген, адам болып туғасын,
Адам болып өтуі керек өмірден,
Адам деген қандай жағдай болмасын,
Адамдығын сақтауы керек мәғшар дағы болғасын!

Адамнан қайтпасада адамнан қайтар,
Пенде ғой күтсініп дақ сөз айтар,
Жақсылық істе, алғыс күтпе!
Жақсылығың ертеңгі күн ауадан да керек болар!

Адамның өз өмірі өз қолында,
Тек қана жазылмаса тағдырына,
Өмірі өз қолында ұзарту, қысқартуда,
Өзін де ісінің жамандық пен сауабыда!

Екі ғұмыр берілмейді адамға,
Мәңгілік еш нәрсе жоқ ғалам да,
Бес саусақтай, бесақ күндік өмір де,
Адамдықпен өткізейік мүмкіншілік тұрған да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Датым бар өлеңінің авторы кім?

Арсланбек Абдраманов — осы өлеңнің авторы.

Датым бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Датым бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арсланбек Абдраманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Датым бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.