Бұл бетте «Боз торғай» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
4269
Жоғарылап, төмендеп,
Көкте қалқып шырлаған,
Бозала таң елеңдеп,
Боз торғайды тыңдаған.
Кейде қары қарысып,
Қанаттары талғандай.
Жалғыз ноқат жабысып,
Жансыз қатып қалғандай.
Сонау биік қиырдан
Сорғалай кеп құйылған.
Үні қалай десеңші,
Жүрегіңе ұйыған!
Өтті қарлы соңғы ұшқын,
Кетті көлкіп жер көлдей.
Соңына еріп сол құстың
Көктем суыт келгендей.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі