Қыз мұнарасы
Бұл бетте «Қыз мұнарасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Атылып мұнарадан қыз құлаған.
(Қадалып түйліккен шал — құзғын оған).
Жұтқанда жас аруды кәрі теңіз,
Кеудеге бұлтын жиып күз жылаған.
Түсірген жұрт еңсесін шер-мұңайтып,
Сұлу қыз көре алмаған елді қайтып,
Лақтырып тұңғиыққа тұншықтырып,
Толқындар көңіл айтқан кері қайтып.
Өмірден таусылған дәм-сыбағасы
Сол қызды қабылдаған су анасы.
Бакуде көк теңізден көзін алмай,
Әлі тұр мұңайып қыз мұнарасы.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі