Күлімдеші
Күлгенің қандай әдемі, күлімдеші,
Үнің де, демің де нәзік, сен иесі.
Сен күлгенде мың сұрақтың жауабын,
Таптым мен бақыттым, күлкің тілдесті.
Күлімдеші, дүрсілдесін жүрегім,
Көктен түскен періште мүсін сен менің.
Сенің күлкің бәрін де ұмыттырып,
Жарыққа толды балғын менің түнегім.
Күлімдеші, иіліп төмен кірпігің,
Қайталанбас, сүйкімді ең сүйкімдім.
Күлкіңде тыныштық та, жұмақ та бар,
Сиқырлы күлкің, тәттім, жібегім.
Күлкіңе шын ғашықпын, жаралым,
Күлімде, күлкің қымбат бағалым.
Сен күлгенде қайта гүлдеп, бүр атам,
Сен мұңайсаң, мұңаяды мендегім.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі