Көктем көрінісі
Бұл бетте «Көктем көрінісі» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қара бұлт қарақұстай қанат қағып,
Алатау қатпар-қатпар қабаттанып,
Күңіренген күн астында қылт етеді,
От тілін найзағайдың жалап қалып.
Көкжиек ұштасты да көлге келіп,
Кенеттен тына қалды жел бөгеліп.
Шатынап шарт сынды бір ашулы күн
Аспаны аунап жерге дөңгеленіп.
Жасаурап әлденеге тұрды көзі,
Күннің де қызық екен бұл мінезі.
Көз жасын еркелікпен төгіп алып,
Артынан жас баладай күледі өзі.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі