Қолыңды берші
Қолыңды берші, кетейікші басқа әлемге,
Шаршадым, біттім,
Таусылды күш те менде.
Із қалдырмай жоғалайық үнсіз ғана,
Қайта келмей опасыз бұл дүниеге.
Жалықтым, жалықтым тіршіліктен,
Арман да алыс жетпедің сен,
Жетпедім мен.
Қалсын бәрі, қалсын әріден,
Сен бақытты, мен боламын әлі мен.
Мейлі, бақ бұйырсын, тасып та алсын,
Көргім де келмейді сынсын, жарылсын.
Ашпаймын көзді, қойшы, тынсын,
Отқа салсын, құйсын қорғасын.
Керегі жоқ бәрі құрсын.
Жататын жерді құшып,
Тыныштықтан бақыт табамын шын.
Жалықтым, жалықтым тіршіліктен,
Арман да алыс жетпедің сен,
Жетпедім мен.
Қалсын бәрі, қалсын әріден,
Сен бақытты, мен боламын әлі мен.
Көңілім қалған бәрінен...
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі