Өлең, жыр, ақындар

Аппақ қырау

Кейбіреуге қуаныш кеш келе ме,
Ештеңем жоқ әйтеуір ештеме де.
Тынымсыз тірлікте безініп кеткен менен,
Ілесе сап соңынан көшкен елге.

Қуанып күліп қарсы алып әлем таңды,
Бәрі де бақытты, ал менде үміт қайғы.
Түнерген тыныштықты өңгеріп ап,
Қаламнан төгем үнсіз, тек бояуларды.

Кешіккен гүл секілді кештеу ашқан,
Не себептен сүріндім көшпен астам?
Бақыт құшқан жандардың қасында мен,
Жүргендеймін тағдырды тістеп қашқан.

Кез келеме, өзгере ме, мұң тағдырым,
Ерір ме басымдағы аппақ қырау?
«Әкесінің аузы» деп қош айтысып,
Кеткім келеді өмірден жолым мынау.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз