Тағдыр заңы
Емес ем бұл тағдырға заңды тұлға,
Бағындым, бірақ бар үкімге қағидаға.
Неге қатал, әділетсіз, неге бұлай?
Құм төгілді, көмейім мен таңдайыма.
Бағынбай-ақ кетейін сол тәртіпке,
Жақын боп тұрса да табаныма мекеме.
Қанша түзу жүрсем де салды тұзақ,
Жабысты жала, таңбасы қалып денемде.
Апарыпты, кісендеп, темір торға,
Тас қараңғы жан адам жоқ жанымда.
Төбемде тұр құзғындай қара, таяқ ұстап,
Қайта-қайта соққылап кеуде тұсқа.
Бақ таласып, аяқ асты қағынатын,
Сен кімсің? деп айқайлап, кім өз атың?
Екі қолым кісенде, байлаулы, әттең,
Қылар едім, ашуыма салсам бәрін.
Күнге ұқсап бүгін де кешегі күн,
Іштен тепті тағы да, күш еді тым.
Дүресіне бүлк етпей шыдап келем,
“Ей, әділет!” деуге де енді қысым.
Шаттанып жүрсем едім күлкі болып,
Біттім бүгін, қуатым түнге толып.
Алғашқы рет болса да, мойымас ем,
Жаза тарттым сан мәрте, үздіксіз қонып.
Жазығым жоқ ешкімге, еш демедім,
Сонда да неге іс қозғалды, неге менің?
Айтам да қоям өзіме: бәрін қойшы,
Бұл өткелден неше өтіп, неше келдім?
Маған ғана жүргізген өмір саясатын,
Көпті көрдім сөйтіп барып болдым ақын.
Өкінсем де, алғыс айтам, өйткені мен,
Таптым бір күш жырымды жанға жақын.
Жаратқанның берген сыны ма екен?
Көрсетеді бәлкім бір күн нұрлы мекен.
Шығармын да бұл жерден ақыры бір,
Тылсым сыр ұғып, өз жолым көріп бірден.
Бір үміт бар ішімде жасырынған,
Сол үмітпен ертеңге жарық жылдам.
Дүние деген алма-кезек екенін біл,
Кезі келсе, сендерге де заң шығарам.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі