Өлең, жыр, ақындар

Аналарға тағзым

Не пайда алтын, күміс, жақұттардан,
Қасында жүрмесе Ардақты Анаң.
Жер бетінде ең ерекше жұмағы бар,
Анасы бар адамдар шын бақытты адам.

Бар ғажаптың жиып алған қасиетін,
Ананың шексіз мейіріміне бас иемін.
О, Иеміз! Тозақ оты да сезілмейді,
Ана барда көрінбейді көзге ақыретің.

Бағы мен Ананың ешкім таласпасын,
Таласқандар тар жолдан әрі аспасын.
Құдай өзі нұрлы жүзін көркем еткен,
Барлығы да тек Анаға жарасқасын.

Қанша мақта айт аяулы Аналарға,
Сөз жетпейді бағалы барша жанға.
Жер мен көкті жалғап тұрған нәзік жан,
Жанары мөлдір, әсем, мінсіз Ана ғана.

Ризамын таңға, Ана деп әрбір атқан,
Барлық дүние жылынған сол шуақтан.
Бар тілерім, Аналар еш жыламасын,
Қолдап жүрші, аса қамқор, я Жаратқан.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз