Әр жастың өз қызығы, – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Әр жастың өз қызығы,» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көтергім келеді көңілді ,
Керемет қой ойын –күлкі.
Әр нәрсе өз уақытымен,
Дегенге кім сенеді.

Әр жастың өз қызығы,
Келер –кетер демеші.
Орта жас пен кәрілікте
Қызықшылық бәрінде.

Көңіл еш қартаймайды,
Жастықта кім ән салмайды.
Желіп өткен торыдай,
Жастық шақта өтті-ай.

Түсірмейік көңілді,
Жүрміз ғой қызықтап орта жасты.
Немерелер жетектеп,
Көреміз той –думанды.

Мұның өзі бір қызық,
Таусылмасын тіршілік.
Тойдан тойға жетейік,
Балалармен бір күліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар