Тақырыбы жоқ өлең
1.Досым ау,
Қалайсың?хәл аман ба?
Жүректегі жараларың
жазылды ма?
Меніңде таусылмастай мұңдарым көп
Айтып берсем,
тыңдауға шамаң бар ма?
2.Ғашық болмаймын деп сертті бергем,
Тасжүректер артынан менде ергем.
Ғашық болар адамдар бір сәтте-ақ
Енді отырмын мұңымды кімге шертем?
3.Айтар болсам мұңымды түсінбейсің,
Жүрек сорлы кейбір қызды менсінбейсің.
Ғашық болар адамдар әрбір қызға
Ал мен болсам сенен басқа көрместеймін.
4.Сол бір қыз жүректі жаралаған,
Ешбір жігіт қасына бара алмаған
Бұл өмірде сынбайтын қыз бола ма?
Қасына барып жүректен ән арнағам.
5.Дос болуға тастадым ұсынысты
Түсінбессің сезімді,құбылысты
Ұсынысты шын көңілмен қабыл алды
Ағасы біліп қойды бұл сыбысты.
6.Білседе жүре бердім,берілмедім,
Қыз алдында мақтанып,керілмедім.
Ол қыз мен үшін ыстық болды,
Ал мен болсам мұз секілді ерімедім...
7.Ғашықтық мені іштей өртеді,
Жүрегімді аққу келіп тербеді.
Мүмкін соңғы айтқан сөзді тыңдарсың,
Сонда ұғарсын сен деп соққан жүректі.
8.Ұмытпаспын бастан өткен күндерді,
Қинайды кеп сол бір кеткен үн мені
Махаббат, менің әлім таусылды
Қоя сал,менің қолымнан келмеді...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі