2025. Қараша
Бұл бетте «2025. Қараша» атты Yerlan жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Астананың қарашасы:
Қар аралас жауындатып,
Борандатып, дауылдатып,
Осы боп тұр "тамашасы".
Күздің соңғы айында бұл:
Көк тайғақты жерді көрдік,
Сырғанаған елді көрдік,
Салып қойды уайымға бір.
Ғашықтарға қарасаңыз:
Мойымады, бет түзеді,
Көңілді күн өткізеді,
Биіктеген аласаңыз.
Қала берсін осы қалып:
Сәлем - түзу, есендікпен,
Сыпайылық, шешендікпен,
Қатарласты қосып, анық!
Күтеріміз, тілеріміз:
Той көбейсін атқарылар!
Үміті бар арттағылар,
Үзілмесін күдеріңіз!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі