Ринатқа ұсыныс – KAZBEKboken63

Бұл бетте «Ринатқа ұсыныс» атты KAZBEKboken63 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шындықты айтып шырылдаған ақынсыз, Қазағыма жанашырсыз, жақынсыз. Көрмегенбіз сөз сөйлеген сәтіңді, Макал-мәтел, қанатты сөз нақылсыз.

Депутатсыз ел үмітін ақтайтын, Елге деген махаббатын сақтайтын. Игі істерің нәтижесін берсе егер, Халқыңыз бар « адал жан» деп мақтайтын.

Қазақпенен бірге сіздің жаныңыз, Арайланып атсын әр күн таңыңыз! Ринаттай халық қамын ойлаған, Адал жанмен жансын бірге бағымыз!

Жемқорлар көп ел байлығын тонаған, Отыз жылда қазағымды қанаған. Біз отырмыз көңілде мұң, көзде жас, Бақсыдай боп зікір салған моладан.

Олар кетті шетел асып, тайраңдап, Миллиардты шашып-төгіп сайрандап. Біреулер жүр көзін салып, қызығып, Қалай олар байыды, - деп, қайран қап.

Зауыттарды көптеп салу басталсын, Бар ғылымды игерсінші жастар шын. Тіліміздің мәртебесін көтерер, Үкіметті ұлтжандылар басқарсын!

Құлақ салып, тыңдай білсін арызың, Ел алдында ақтаған жөн парызын. Банкілерге құлдай қызмет еткізбей, Жауып берсін бар қазақтың қарызын!

Ауыл-қала көркейсін де дамысын, Күш салыңдар туған елдің бағы үшін. Бабалардай қайсарлықты танытып, Таптатпасын бөгделерге намысын!

22.04.2025 ж.
Қарағанды облысы Абай ауданы Құрма ауылы Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп ресурстық орталық КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымының магистрі, ақын Бөкен Қазбек Маратұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ринатқа ұсыныс өлеңінің авторы кім?

KAZBEKboken63 — осы өлеңнің авторы.

Ринатқа ұсыныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ринатқа ұсыныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде KAZBEKboken63 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ринатқа ұсыныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар