Күзгі сағыныш
Бұл бетте «Күзгі сағыныш» атты Нұрлан Оразалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұла арман сынды...
Бұла таңдарды тербеген,
бұла сағымдай
бұғалық түсіп көрмеген,
бұл өнім менің жазылды,
кезімде
сағыныштарға шөлдеген...
Шалқарға -
шалқып құлаған,
шулаған -
сыңсып жылаған,
долы өзендердей,
қара ормандардай
шырқаған кезде бұлақ ән...
Жол тартып
жылы тұстарға,
ақ еділ көлден
ақ үйрек-қаздар ұшқанда,
бұл әнім менің жазылды,
еңсеріп кешті,
телміріп қарап құстарға...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі