Майдандас досқа хат – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Майдандас досқа хат» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3015
Уа, досым, олпы-солпы сол қалпыммын,
Мен үшін керегі жоқ зор даңқыңның.
Емеспін ефрейтор я сержант,
Өлеңнің қарапайым солдатымын.
Майданның кеткен бір кез оғы жыртып,
Бүгілген саусақтарым, қолым тыртық.
Түндерде тулап соғып тыншымайды,
Жүрегім жыр жолына болып ынтық.
Соғыстың кетсе де еріп суық қары,
Ол күнді жаным әлі үмытпады.
Сырқырап сала берер жаралы қол,
Ойнаса Алатаудың бұлттары.
Бірақ та зырылдаған жүйрік қалам,
Жырымды оятады ұйықтаған.
Кетеді күн еңкейіп бөлмеме кеп,
Қуатты шұғыласын құйып маған.
Демеймін жаралы едім, бітініп ем,
Демеймін барлығын мен бітіріп ем.
Сондықтан түндер бойы ой ұшады,
Бұрқырап темекінің түтінімен.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Майдандас досқа хат өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Майдандас досқа хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Майдандас досқа хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Майдандас досқа хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері