Балықшы – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Балықшы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3347
Жағасында Аралдардың,
Балықшылар құрған аудың
Шыр айналып төңірегінде,
Қанаттарын төсеп күнге
Шырқырайды шағалалар,
Судан шабақ қағады олар.
Ортасында көкпеңбек сел
Үрлеп баяу желкенін жел,
Борандарға бас имеген,
Тузға піскен, күнге күйген,
Жас балықшы ән шырқайды,
Шағалалар шуылдайды.
Теңіздің жай толқығаны
Секілді тек соның әні,
Желдің өксіп сыңсығаны
Секілді тек соның әні.
Зарлы бастап, ащы аяқтап
Аңыратқанын алдым жаттап.
Кемеміздің тосып жолын,
Тұр балықшы созып қолын.
Тұлғасынан сом болаттай,
Жанарынан жанған оттай,
Тани қалдым ер гректі.
Елжіретті ет жүректі.
Мен де создым қолымды оған
Мен де ұсындым жанымды оған.
Дедім: жолдас, сүй жерінді,
Сүй Никосша мекеніңді,
Болашаққа баста жырды,
Жу теңізбен зар-мұңыңды.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балықшы өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Балықшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балықшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балықшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері