Өлең, жыр, ақындар

Ана

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ана жайлы жазғанда сөздер бітпес,
Ана болған үй ішінен нұр да кетпес.
Ана барда бүкіл өмір нұрға толы,
Сен жайлы өлең жаздым осы жолы.

Шын арманым — өзіңсің, асыл ана,
Патшайымымсың әулетімнің жалғыз ғана.
Ұстазымсың, шеберімсің, алтынсың,
Өмірдегі өзгелерден артықсың.

Сен мен үшін — қазынасың, періште,
Күміс нұрдан жасалғандай ерекше.
Жұмақ кілті табаныңның астында,
Сағынамын, ана, қайда болсаң да.

Ыстық – күндей, күлімсіреп жүзің — Ай,
Сен болмасаң, мен қай жерде болам-ай?
Сүйерімді қаншалықты сан жетпес,
Сендей нәзік бұл әлемде жан жетпес.

Сипат жоқ қой керемет келбетіңе,
Алдың бүкіл нұрды түскен Жер бетіне.
Сенсіз, ана, сенсіз жарық таң да атпас,
Сенен артық дүниеде жан да таппас.

Ана, жүрші жанымда сұлу көздер бұралып,
Ана, жүрсең жанымда, таң атады нұрланып.
Әрқашан да қасымызда бірге жүрші,
Арамызда шалқып, шауып, мәңгі күлші.

Сен туралы жырлағанда, ой толғайды,
Ана жайлы жазған кезде, қол талмайды.
Сен туралы ойлағанда, құс сайрайды,
Қызыл тіл найзағайдай жарқылдайды.

© 2026 Молдажан Әділет. Барлық құқықтар қорғалған. Туындыны көшіру, тарату және пайдалану тек автордың жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана өлеңінің авторы кім?

Әділет Молдажан — осы өлеңнің авторы.

Ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділет Молдажан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.