Өлең, жыр, ақындар

adletmoldazhan

  • Ұпайы: 33
  • Тіркелген уақыты: 18.01.2026 20:29
  • Соңғы кірген уақыты: 18.01.2026 20:31
  • Аты-жөні: Әділет Молдажан
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Өлеңдер

Ақ қайың

Кең далада жалғыз өскен, жалғыз ағаш ақ қайың,
Шексіз тау мен асулардан естілмейд жан айқайың.
Аң мен құстар, мөлдір аспан, самал жел мен ала бұлт,
Сұрап кетеді анда-санда есен-сауын, жағдайын.

Толық

Жан жолдас

Аямайды жақсылықты жан досың,
Кім болсаң да, жаман, жақсы болмысың.
От пен суға бірге түсер нағыз дос,
Тыңдайтын да түсінетін сырласың.

Толық

Әкеме

Айтыңдаршы, уа, халайық, бұл өмірде
Әкеден артық болар бар ма адам?
Қолдайтын, қамқор болып, жетектейтін,
Жасағанда өміріңде алғаш қадам.

Толық

Апама арнауым

Сағыныштың оты лаулап, апа, сені сағындым,
Сенің мөлдір қайнарыңда мен кішкентай ағынмын.
Сол қайнарда кеме емес, тек кішкентай қайықпын,
Болсаңдағы Тынық мұхит, мен — өзенмін, Жайықпын.

Толық

Дастархан

Керемет боп жайылып тұр дастархан,
Дастарханнан адам жоқ қой бас тартқан.
Нұр төгіліп, жиналып тұр бетінде,
Бауырсақ та, қымыз, сорпа, еті де.

Толық

Ана

Ана жайлы жазғанда сөздер бітпес,
Ана болған үй ішінен нұр да кетпес.
Ана барда бүкіл өмір нұрға толы,
Сен жайлы өлең жаздым осы жолы.

Толық

Ата мен әжеге

Қазақ тілі талап етті жақсы сөз,
"Әже", "ата" деген асыл, тәтті сөз.
Түнгі ұйқыны күзетіп жатты жанда,
Кеш уақытта күтті бізді алаңда.

Толық

Жауға шапқан

Күн тұтылып, көк ала бұлт адасқан,
Халқым жатпас, батырларым жауға шапқан.
Еске аламыз, ұмытпаймыз қиын-қыстауды,
Тар заманды қайран халқым кешкен бастан.

Толық

Туған жер

Алыс сапар, жолдарда аңсағаным,
Келбетіңе, өзіңе тамсанамын.
Жүрек сезіп жылуды, лүпілдейді,
Кейбірде өзің үшін дүрсілдейді.

Толық

Өлең сүйер арасында

Жарық аспан, айлы аспан, терең аспан,
Адам көп қой бұл өнерге қадам басқан.
Жатырмын мен мұхит, теңіз жағасында,
Мен де бармын өлең сүйер арасында.

Толық

Соғыстарды жырламай қалай кетем?!

Соғыстарды жырламай қалай кетем?!
Құрбандарды еске алмай қалай өтем?!
Өтем қалай бұл жалғанда күлімсіреп,
Жатқанда біреу қиналып, өлімсіреп?!

Толық