Дастархан – Әділет Молдажан

Бұл бетте «Дастархан» атты Әділет Молдажан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Керемет боп жайылып тұр дастархан,
Дастарханнан адам жоқ қой бас тартқан.
Нұр төгіліп, жиналып тұр бетінде,
Бауырсақ та, қымыз, сорпа, еті де.

Дастарханның халқымызда орны бөлек,
Білмесе де барлығы, бірі білед.
Дастарханға қол жаямыз, бүгіп белді,
Дастархан ғой қосып тұрған бүкіл елді.

Қазағымның дастарханы ғажап қандай,
Бетінде тұр асымыз-ай дәмді, балдай.
Шіркін-ай, дастарханға құрметі жоқ,
Сана жоқтар, ең бастысы — қарыны тоқ.

© 2026 Молдажан Әділет. Барлық құқықтар қорғалған. Туындыны көшіру, тарату және пайдалану тек автордың жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар