Жан жолдас – Әділет Молдажан

Бұл бетте «Жан жолдас» атты Әділет Молдажан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аямайды жақсылықты жан досың,
Кім болсаң да, жаман, жақсы болмысың.
От пен суға бірге түсер нағыз дос,
Тыңдайтын да түсінетін сырласың.

Жанашыр боп табылады жан жолдас,
Жан жолдассыз өмір балдай тәтті болмас.
Тар қорада жалғыз қалған тоқты да
Маңырайды, іздеп қойды қоралас.

Жан досыңмен қиын-қыстау болмайды,
Жан досыңмен қос қанатың талмайды.
Шексіз көкті билеген құс — қыран да,
Ирең-ирең жасырынған жылан да,
Бір жалғызға жабылған топ қасқыр да,
Биік шыңды мекен еткен арлан да,
Жан жолдассыз өмір сүру тірінің,
Қолынан келмейді ешқайсысының бірінің.

© 2026 Молдажан Әділет. Барлық құқықтар қорғалған. Туындыны көшіру, тарату және пайдалану тек автордың жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан жолдас өлеңінің авторы кім?

Әділет Молдажан — осы өлеңнің авторы.

Жан жолдас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан жолдас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділет Молдажан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан жолдас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар