Төлендіге – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Төлендіге» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2191
Сені тәуір көріп ем,
Бармысың сен Төленді.
Өзім жазып беріп ем,
Бақытыңа өлеңді.
Есіңде ме жүрген кез,
Күндіз ұйықтап, жортып түн.
Дос қадірін білген кез,
Батпағында Волховтың.
Кеудеде кек алаулап,
Тастап ойын-күлкіні.
Бардық біздер жаяулап.
Қан майданға бір күні.
Есіңде ме,
жан жолдас,
Қанды кештік қанша күн.
Оққа ілінді оң жамбас,
Қансырадың, шаршадың.
Көңіліміз жаңарып,
Көшемізде өсті тал,
Болды ауыр жара ұмыт,
Қалды артта госпиталь.
Артық көрген досым ең,
Сағындым да өзіңді.
Жан күйінің жасымен,
Шайып алдым көзімді.
Іздедім мен еске алып,
Бармысың сен, Төленді.
Қайырлы таң, кеш жарық,
Оқы осы өлеңді.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төлендіге өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Төлендіге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төлендіге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төлендіге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері