Құрдасқа

Бұл бетте «Құрдасқа» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2580
Белгісіз туған күніміз,
ЗАГС жоқ қазақ жерінде.
Жиырма екінші жылы біз
Келіппіз осы өмірге.
Білмеймін түнде ай қарап,
Көрдің бе күндіз жарықты!
Күз желі мені аймалап,
Көтеріп дөңнен алыпты.
Біздің ел онда Сыр барған,
Жалғасып кем-кетікпен.
Жарлы да қанды жылдардан
Өтіпті қазақ етікпен.
От алып өмір ұшқыннан,
Биледі бойды күш ағын.
Кейіннен оғы ысқырған,
Майдандар ашты құшағын.
Денені шұрқ-шұрқ оқ тесіп,
Шинельдер қанша қырқылды.
Жеңіске жеттік от кешіп,
Ажалды аттап мың түрлі.
Терімен жанның суарып,
Гүл ектік, жаздық өлеңді.
Біріміз ән-күй шығарып,
Өмірге жайдық өнерді.
Шашымда қырықтың қылауы
Ағарған жылдар көшінде.
Бұрқырап күшім тұр әлі
Өлеңнің жиырма бесінде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрдасқа өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Құрдасқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрдасқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрдасқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері