Жүрекпен сырласу
- 0
- 0
Дейді маған дәрігерім, қозғалма,
Бірақ ақын ойланбайтын, кез бар ма.
Ақ палата ішіндегі тірлікпен,
Тағы да бір қимас күнім озды алға.
Бұл бетте «Сол бір сәт» атты Нұрдәулет Серікболатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дейді маған дәрігерім, қозғалма,
Бірақ ақын ойланбайтын, кез бар ма.
Ақ палата ішіндегі тірлікпен,
Тағы да бір қимас күнім озды алға.
Түн кезінде көкке ұшты бес періште,
Сия алмады өзі сүрген мекенде.
Суық үйде тәтті түстегі бөбектерді,
Сұм жалын шарпып өтті бір мезетте.
Ыңырсыған ана, жоқтауын айтып,
Бес баласының келмесін білді.
Қайғыдан жүрегі қарс айырылып,
Көкірегін кернеп, өкініш тілді.
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Лаура
Жүрекке жылы тиетін, алғашқы көрген шақ пен есте қалған сәт туралы әсерлі өлең. Бір ғана сәттің өзі қаншалықты мағыналы болатынын түсіндім.