Бұл бетте «Жұлдыз гүл» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
4101
Араладым ауланы
Келмеген соң күндіз жыр.
Көңілімді аулады,
Көзді тартып жұлдыз гүл.
Бес тармақты қызыл гүл
Қызыл жұлдыз кәдімгі.
Құпия сыр қызық бұл,
Тербеп өтті жанымды.
Көктем өрнек салыпты,
Еңбек етіп күн ұзын.
Жер төсіне тағыпты
Гүлден қызыл жұздызын.
1956
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі