Өлең, жыр, ақындар

Дәрігерге

Дәрігерге

Анау сәби ыстығы асып жылап тұр,
Ол Алладан оған келген сынақ бұл.
Дәрігерлер аман алып қалар деп,
Ана байқұс үміттеніп жылап тұр.

Сол үміттің шамшырағын жағасың,
Науқастардың емін іздеп табатын.
Сұм ажалдың құрығына түсірмей,
Қанша жанды аман алып қаласың.

Дәрігер-ау, қадіріңді білсін ел,
Қамқор болып әр адамға жүрсіңдер.
Жан қысылып жатқанында адамның,
Жанарына үміт жасы іркілер.

Дәрігер-ау, барма сенің уақытың,
Әбігер боп, арпалысып жатырсың.
Ата-ана, отбасың мен балаңнан
Бір науқасты сауықтырсаң бақытың.

Жаны таза дәрігерлер әдемі,
Көп екен ғой жұмысының әлегі.
Әрбір түрлі індетпенен алысқан
Дәрігерлердің еңбегінің дәлелі.

Ұлан ауданы Сағыр ауылы «Жас қаламгерлер» үйірмесінің жетекшісі Сарқыт Зарлықанқызы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара таудың қатпарынан сыр ұқтым

  • 0
  • 0

Тауда өстім, тау тілімен тілдестім,
Биігімен ой таласып үндестім,
Қара таудан қайсарлықты үйреніп,
Өр мінезбен өмірменде күрестім

Толық

Қарап көріңіз