Өлең, жыр, ақындар

Қара таудың қатпарынан сыр ұқтым

Қара таудың қатпарынан сыр ұқтым

Тауда өстім, тау тілімен тілдестім,
Биігімен ой таласып үндестім,
Қара таудан қайсарлықты үйреніп,
Өр мінезбен өмірменде күрестім.

Қатпарынан қара таудың сыр ұқтым,
Балғын төсті бауырыңа тынықтым.
Ескен самал, өкпек желің өтімді,
Шымыр шабыт ширатылып шынықтым.

Бөкен жортқан бөрі жүріп беліңнен,
Бір ғажайып бар екенін сезінем.
Жартасыңда жасырынып жатырма?
Ғасырларға қалып ұлы шежірем

Жауса жырым жаңбырыңдай нөсерлеп,
Жан дидарым жаздай болып кетер ет.
Қиял құсым биігіңе қонақтар,
Өршіл сезім, таушыл жаным жетелеп.

Кербезіңдей кең мінезді тектімін,
Аттамаған ала жібін ешкімнің,
Жолдарыңмен жолаушылап келемін,
Өмір деген сапарында бес күнің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәрігерге

  • 0
  • 0

Анау сәби ыстығы асып жылап тұр,
Ол Алладан оған келген сынақ бұл.
Дәрігерлер аман алып қалар деп,
Ана байқұс үміттеніп жылап тұр.

Толық

Қарап көріңіз