Ай не болар күннен соң?
- 0
- 2
Ай не болар күннен соң?
Күн не болар айдан соң?
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Бұл бетте «Алтын күзге таныстыру (Армандастар әнімен)» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ай не болар күннен соң?
Күн не болар айдан соң?
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз.
Көл қылып құйдым талай судай ағын
Сөйлей көр өлмей тұрып, тіл мен жағым
Дүниенің машақатын шектім талай,
Алмасын тірлікте ердің бағын.
Тостағанды қолға алып,
Айқай салған жиырма бес;
Шаншатұғын найзадай
Қылтың еткен жиырма бес;
Сөз сөйлеймін бөлмелеп,
Әр нұсқадан термелеп.
Сөйлеген сайын кетеді
Қызыл тілім өрмелеп.
Ай, Қазы би, Қазы би,
Үш таңбалы Майлыбай,
Жайылса жонға сыйғысыз
Әлім деген ел едік;
Ақгүл
Өтініш толық нұсқасы керек болып тұр, бере аласызба
Зиёда
????