Хан кеңесшісі – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Хан кеңесшісі» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үлкендердің ішінде
Жүретұғын дана боп,
Балалардың ішінде
Кетеді атам бала боп.
Қолын үзіп ісінен,
Бізбен асық ойнайды.
Балалардың ішінен
Ақылды хан сайлайды.
Ел көгерер батамен,
Айдарынан жел есіп,
Хан болса да, атаммен
Отырады кеңесіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері