Ақ қалпағы басында

Бұл бетте «Ақ қалпағы басында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2575
Көгінде күн күркіреп,
Алды үйіріп даланы.
Жаңбырлы бұлт сіркіреп,
Шайып өтті ауаны.
Көктем желі шарлаған
Қыс көйлегін сыпырды.
Қызғалдақтар аумаған,
Қызыл тулар сықылды.
Ақты өзен алға ұзап,
Ақ тал қалмай шашында,
Алатау тұр жалғыз-ақ,
Ақ қалпағы басында.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ қалпағы басында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ақ қалпағы басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ қалпағы басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ қалпағы басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері