Шындық

Бұл бетте «Шындық» атты Аружан Султанова жазған шындық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Шындық-биік шың,бұлт құшаған,
Жету қиын,бірақ асқақ арман.
Кейде ащы,тілге салсаң күйдірер,
Бірақ жанды тазартатын жалғыз дарман.
Жалған күлсе-жылтырайды сыртынан,
Ал шындық үнсіз тұрар қыр тұман.
Өтіріктің өрмегі көп болса да,
Бір сәуле бар-ол шындық нұрлы шам.
Шындық үшін талай жүрек сынған,
Талай тағдыр от ішінде шыңдалған.
Бірақ уақыт таразысы әділ ғой,
Ақ пен қара сонда анық сыналған.
Шындық-ардың айнасы мөлдіреген,
Қарасаң өз бейнеңді көрсетеді тереңнен.
Жүрек таза болса ғана жарқырап,
Жалғанды жуып кетер сел болып кенеттен.
Ол кейде жалғыз қалар көп ішінде,
Дауыл тұрар қарсы шыққан сәтінде.
Бірақ шындық отын сөндіре алмас
Ешбір боран,ешбір қатал өткінші күндер де.
Шындық барда сенім тірі,
Шындық барда намыс биігі.
Өтірік желдей ұшып жоғалар,
Ал шындық-мәңгілік тірегі.
Сондықтан жүрекке сақта оны,
Қорға шындық деген асыл қоны.
Ащы болса да қабылдай біл,
Сонда ғана биік болар басың,жолың.


Пікірлер (2)

Арука

Супер

Ерсұлтан

Өлең өте мағыналы, әр жолы ойға салады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шындық өлеңінің авторы кім?

Аружан Султанова — осы өлеңнің авторы.

Шындық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шындық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма шындық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шындық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер