Мен сені сүйдім, білесің бе? –
noname77
Бұл бетте «Мен сені сүйдім, білесің бе?» атты noname77 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сені сүйдім, білесің бе?
Жанымның отын сезесің бе?
Жалғанға жаның алданбайтынын,
Сезімім шын ғой — сезесің бе?
Мен сені сүйдім, білесің бе?
Түндерде үнсіз кезесің бе?
Жүрегім сен деп соққан сайын
Жан сырымды іштей сезесің бе?
Сезімдердің алдамайтынын сезесің бе?
Көзімнен аққан жаңбырды көресің бе?
Тағдырдың бізді табыстырғанын
Тәңірдің ісі дер ем, сенесің бе?
Мен сені сүйдім, білесің бе?
Сағыныш болып кезесің бе?
Басқаға бұрсаң жанарыңды,
Жүректің үнін өшіресің бе?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі