Қош, баку
Бұл бетте «Қош, баку» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алматыма аттандым,
Ақкөңілмен, дос, тату.
Бар сырыңды ақтардың,
Рақмет, қош, Баку.
Көрмеймін деп мен сені,
Есенинше айта алман.
Ашып тастап кеудемді
Оралармын қайтадан.
Үлгірмедім аралап,
Қалды күтіп өзенің.
Тұлпарымен Қарабақ,
Тауларыңды кеземін.
Қонақтармын бейне аққу,
Бір күні кеп көктемде.
Азербайжан, жан Баку,
Шомылармын көк көлге.
Алматыма аттандым,
Аққөңілмен, дос, тату.
Көп сырыңды ақтардың,
Көріскенше, қош, Баку.
1956
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі