Ей сұлулар

Бұл бетте «Ей сұлулар» атты Qanat Aianuly жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ей сұлулар,мені өзіңе ғашық қыл,
Көрейін мен күйін кешіп ғашықтың.
Шын махаббат сезімі қызық маған
Мен әзірге махаббаттан қашықпын.

Өлеңімді,өнерімді қызға арнайын,
Мынау кім деп біреуден қызғанайын.
Төс қалтама суретін салып алып,
Ғашық болған адамыма жүз қарайын

Ей сұлулар,мені өзіңе қыл ғашық,
Сезім шыңын көрейікші бір асып,
Ғашықтықтан сезім туар бір күні
Махаббат деген құдіретке ұласып.

Сезім деген бұл бір жақсы бастама,
Мен де арнайын өмірімді басқаға
Түніменен біреуді ойлап,көз ілмей
Жатайыншы бір суретті жастана.

Ғашық болып көрейінші жүрекпен,
Шабыт алып кішкенте ғана суреттен
Мен де жүрейін кезіктірген гүлімді
Салыстырып Баянменен,Жібекпен.

Ей,өмірім ғашық етші бір адамға
Ғашық болып ойлайын "дін аман ба"
Құмар болып сезімге,сұрарым сол
Тәңірім де беруші еді сұрағанға.

Жүре бермей сауық қуып,жер теуіп,
Сезінейін не екенін еркелік,
Қуантайын күлкі сыйлап жүзіне
"Себепсіз,себеп – сіз" деп гүл беріп.

Ей сұлулар, мені ғашық етші өзіңе,
Көрейін сені кетсем-дағы көз іле.
Ғашығымның қасында өткен әр сәтім
Ұқсаса екен ең бақытты кезіме.

Мен де біреуді бір-ақ көріп ұнатайын
Ғашығым деп біреуді шын атайын,
Көздері жасқа толып,мұң кешкенде
Қасына жетіп барып жұбатайын.

Ғашық адам сүйгенінен жалықпайды
Бақыттан басы айналып,қалықтайды
Өлең емес кітап жазар ма едім,сірә?
Бірақ оның кейіпкері жолықпай жүр.

Сезім деген құдірет қой,бұл бір ау,
Сезімсіз жүру – бұл рухани құлдырау.
Сүйе алмасаң жылынатын шоғына
Темекі де шекпеймін ғой құрғыр-ау.

Ей сұлулар,мені өзіңе ғашық ет,
Сезім деген шіркін қандай асыл еді.
Махаббатпен жаралған бұл ғаламда
Махаббатсыз өмір сүру қасірет.

Махаббат бір Алланың меншігі еді,
Қолым жете алмаған енші ма еді.
Қасіретпен жүргелі біраз болды,
Айықтырар кім барсың келші бері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей сұлулар өлеңінің авторы кім?

Qanat Aianuly — осы өлеңнің авторы.

Ей сұлулар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей сұлулар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Qanat Aianuly өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей сұлулар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер