Бұл бетте «Жарлылар ұйымының жетісі» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұрмысы толғап,
Теңдігін қорғап,
Ашылдың ұйым жетісі.
Тарихта тұңғыш,
Бірінші қуаныш
Бұл жетінің өтісі.
Жетілерің көркейсін,
Жетімдерің үлкейсін.
Бірігіп ауыз,
Жойылып жауыз,
Құтты болсын жиының,
Тұрмысқа тұтқа,
Ұйтқы боп жұртқа,
Қуатты болсын ұйымың!
Болсын ұйым дуалы,
Жойылсын жұдырық-жуаны!
Басыңды жиып,
Қасыңды тыйып,
Жанданса жарлы ұйымың,
Ашылып мерей,
Қосылып кедей,
Теңесе көппен иығын.
Теңестірген кеңесің
Кіргізбей ме ел есін.
1921 жыл.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі