Екпінді жеңгейлер – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Екпінді жеңгейлер» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бригадпен сөйлестім,
Бригадир Хадиша:
–Қайдан колхоз боламыз.
Қатын біткен шәниса.
Бітпегенде несі бар,
Осынша қол жабылса?
Бұл тазалап жатқаны
Мақта дәні шиті ғой.
Қоқыр-соқыр, шөп-шары
Сол шитінің биті ғой.
Мақта дәні осы ғой,
Дән – диқанның құты ғой.
Осыны ерте тапсырмай,
Берді жаңа басқарма,
Жер жыртумен қарбалас
Істі бұлай бастар ма?
Біздер түстік жарысқа
Істеп-істеп тастарға.
Бол, жолдастар, жылдамдат,
Қыздыралық жұмысты!
Тракторлар аңызға
Кеше келді кірісті.
Кіріскен соң қоя ма,
Дайындадық күрішті.
Жұмыстағы қатындар
Жетпістен көп, сексен-ді.
Кел, ей, Күлтай екпінді!
Жарыссаң, ал өкшеңді
Көтер кәне! Сен дағы
Жинаңқыра бөксеңді!
Бөлек-бөлек бригад,
Өзі-өзінің қосы бар.
Сіңбіруге мұрша жоқ.
Деуге жай жоқ «тосып ал!»
«Қатын жарыс» колхозда
Екпінділер осылар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екпінді жеңгейлер өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Екпінді жеңгейлер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екпінді жеңгейлер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екпінді жеңгейлер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері