Көш көрем

Бұл бетте «Көш көрем» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 560
Қалғандығын сезбегендей көктем кеп,
Сары орамал тағып жүрмін, шешкем жоқ.
Сағыныш деп аталатын құбылыс,
Сенің бізде өкпең жоқ!

Туған жерде жүрген кезде тыныстап,
Қиялымыз қайтқан құспен бір ұшпақ.
Арман болып АТАЖҰРТҚА бір жету,
Күле алмадық дұрыстап.
Қарашықпен ұзатқандар сонда әлгі,
«Енді қайтып көрем бе» деп сандалды.
Қамшыменен ашып ек ау сол шақта,
Жылан кескен жолдарды...

Балалық-ай мөлдір едік, қызғынды ек,
Беруші едік қиялдарға тізгін көп.
Әжем жарған жарма құртты несіне,
Шуда жіпке тіздім көп?!
Жасыруға айлам болмай жасымды,
Мөлт моншағым бөгде жұртта шашылды.
Өрдім несін ортасынан қақ жарып,
Тау сыйлаған шашымды!..

Сары жіпсіз кесте тігем кеште мен,
Жақсы ырымсыз жасалмайды ештеңем.
Түсімде әжем жарма құртты қайта илеп,
Ыңыранған көш көрем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көш көрем өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Көш көрем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көш көрем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көш көрем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері