Еңбекке – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Еңбекке» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қыздырғандай біздерді
Сонау поезд қылтылдап.
Шақырғандай біздерді
Сонау моржа бұрқырап.
Қайнағандай бізбенен
Сонау совхоз бұрқылдап.
Шықса қыза жазғы күн,
Жыбырлайды құмырсқа.
Сол құмырсқа өмірі де
Қол сілтеп тұр тұрмысқа.
Біз заводқа, еңбекке

1931 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері