Бесжылдықтың ерлер – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Бесжылдықтың ерлер» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Партияның дегенімен,
Бесжылдықтап іс жасап.
Екпіндеген еңбегімен,
Тау ақтарып, тас қашап.
Жатқандар кім десеңдер,
Бесжылдықтың ерлері.
Жер жүзіне көсемдер,
Бесжылдықтың ерлері.
Алтын алтай кенін алып,
Керегіне жаратып.
Жер жүзіне ұран салып,
Күллі әлемді қаратып.
Жатқандар кім десеңдер,
Бесжылдықтың ерлері.
Жер жүзінде көсемдер,
Бесжылдықтың ерлері.
Екпіндетіп алыс пенен,
Жер-жексенін қашаған.
Социалдық жарыспенен
Жаңа дүние жасаған.
Кім десеңдер, жұмысшылар,
Бесжылдықтың ерлері.
Октябрьдің екпіндісі
Бесжылдықтың ерлері.

1932 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бесжылдықтың ерлер өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Бесжылдықтың ерлер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бесжылдықтың ерлер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бесжылдықтың ерлер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері