Обал ғой – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Обал ғой» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 795
Көктемде амал торғайды
Көрсе атқан баланы,
«Мынау, мынау оңбайды» –
Деп мүйiздеп алады.
«Түрiң мынау добалдай,
Сенде қандай ақыл бар.
Торғайды ату обал ғой,
Оған қандай хақың бар...»
Атқа қонсақ жиналып,
Көкпар деген хабар кеп,
«Қаладың, – деп, – қиналып»
Шаппайды атпен «обал» деп.
Ешкiмге де көрмедi
Нақақтан қол көтерiп.
Нанды көрсе жердегi,
«Обал» дейдi көтерiп.
Барлығына жүргенi
Жаны ашып, «обал» деп.
Əдiлеттiк – сүйгенi,
Көргендiгi одан көп.
Жамандыққа жаны қас,
Жақсы iстен тайынбас,
Арамызда осындай
Балалардың бары рас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Обал ғой өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Обал ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Обал ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Обал ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері