Таң қарайды – Ерхан Болатұлы

Бұл бетте «Таң қарайды» атты Ерхан Болатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.05.2018
  • 0
  • 0
  • 2268
Тіршілігі тынды да таң қарайды,
Мен құшақтап отырмын заңғар айды.
Түнде менде тынымсыз тіршілік бар,
Бірақ оны көбісі аңдамайды.

Ақ ұсынып бар нәсіп жегізген ел,
Пәк арманын үмітпен егіз көрер.
Ешкім жоққа шығармас -ол бір наным,
Түн жарымда жүреді періштелер.

Арнайын деп еліме ең ізгі өлең,
Түлен түркен түлендей тәрізденем.
Қылтимада қылтиып мен отырмын,
Ақ періштем келер деп мен іздеген.

Жұлдызымды сөндірме ашық айым,
Деп жанарға жасырдым тамшыдай мұң.
Сұрау салсаң Тәңірім таймас бастан,
Бақытымнан мең -дейін бақ сұраймын.

Бақ қонады басыма қаншалаған,
Ұға алам ба деймін де арша болам.
Мен бәрінде кешірдім ал ұйықтайын,
Кешіріңдер мені де барша адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері