Ұмытпаймын – Ерхан Болатұлы

Бұл бетте «Ұмытпаймын» атты Ерхан Болатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2018
  • 0
  • 0
  • 2373
Түбі сезіп,
Бұл күйді,
Білемін – бір,
«Бір етсінші»,
Тәңірден, тілеуім – бұл...
Сезесің бе? - жарқыным,
Жүрегіңнің жанында жүрегім жүр...

Кете алмайды,
Неліктен?
Шарасыздық,
Қимастық па,
Жанар да,
қарады үздік?!
Үкіміне тағдырдың,
Қарсы келмей, қинала, араны үздік...

«Ұмытамын» - деп, жасап, батыл – қадам,
Бағынбайды, түсінші, ақыл – маған. . .
Сәл - аралық қоспайды,
Жеткізбейді, қалғанмен, жақын – қадам...

Іздеме де, өтінем, хабарлас па?!
Бар бақытты, кем еткен, маған, баста...
Телефонға телмірген,
Шырылынан, өзгенің, алаң – босқа. . .

Естисің бе?
Үнімді. «Кетпе» - деймін,
Жек көрмеймін, таста-сен, өртке мейлің.
Егер кетсең жанымнан,
Өкінемін, өмірлік, өкпелеймін . . .

Махаббатым,
Өжетті, үмітті айбын,
Жылауын да, білмейтін, күліп, қай – күн?!
Сенесің бе? – алтыным,
Мен сені, ешқашанда, ұмытпаймын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері