Жетісіп жүрген ешкім жоқ – Ерхан Болатұлы

Бұл бетте «Жетісіп жүрген ешкім жоқ» атты Ерхан Болатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.12.2022
  • 0
  • 0
  • 2213
Етегіне ермей ескі індет,
Күлімдеп жүрген кескін көп.
Əркімде бір-бір ауыр жүк,
Жетісіп жүрген ешкім жоқ.

Зымырап жатқан уақыттар,
Байлаулы өмір уақытқа əр.
Арманы асқақ пенде де,
Аңсап бір күткен бақыт бар.

Əркімге лайық талғам бар,
Талғамы биік армандар.
Жеткені жетті, жетпеген,
Жалған-ай өмір жалғандар.

Жалғанды сүйген үміттер,
Үміттер келсең күліп кел.
Төзімнің тістеп жағасын,
Ішінен ғана тыныпты ел.

Жібектей əсем сезімдер,
Сезімім осы сезіңдер.
Иə, Алла сүйген пендесін,
Біз сүйер мəңгі сезім бер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері