Бұл бетте «Теңіз жағасында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
5977
Қыз орамал бұлғайды,
Бара жатыр күн батып.
Қаспий теңіз шулайды
Толқынымен тіл қатып.
Қыз бетінен сүйеді,
Көк теңіздің лебі кеп.
Толқын болып сүюі
Бұрқанады жел үдеп.
Қарап сүйген жарына,
Жас теңізші күледі.
Күлгенменен оның да
Күйсіз шығар жүрегі.
Қызға қайғы жегізбей
Сен күлесің қазірде.
Сағынышың теңіздей
Болар бәлкім аз күнде.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі