Ағаның ақылы
Бұл бетте «Ағаның ақылы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ие болсаң жақсы атқа,
Жетем десең мақсатқа,
Ұстамды бол әрдайым,
Тәртіпті бол қақ-соқта.
Сабыр сақта, аптықпа,
Ұрдажыққа соқтықпа.
Қадамыңды аңдап бас,
Қорлық жоқ қой сақтықта.
Ұқыпты бол ісіңе,
Қамқоршы бол кішіге.
Қариялар жолықса,
Қол ұшын бер кісіге.
Ізет көрсет ағаға,
Ініні де бағала.
Жақсылыққа үйір бол,
Жамандыққа жолама!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі