Гау МЫҢ (Қытай ақыны) – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Гау МЫҢ (Қытай ақыны)» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айналаң тастай қараңғы.
Сейілер қашан қайғыңыз?!
Қазақстанда жаралды,
Сөнбейтін жарық ай, жұлдыз.
Жанын жеп, таусып көз майын,
У ұрттап жаны алысқан,
Арнады ақыл, ойларын
Тау тұлғалы данышпан.
Өлеңде кеңінен өрілген,
Қараша қамы тізіліп.
Құшағың күн боп керілген,
Жаныңды жүрміз біз ұғып.
Ел бастап, жырмен аттаңдап,,
О, ұлы ақын, шаршадың.
Адамзатта толды ақтаңдақ,
Абайлар туды қанша мың.
Хас сұлулық жасадың,
Сондықтан жұрттан аса алдың.
Жартастарды жаңғырттың.
Көз жасың жуды жағаны.
Саңылау ашып санадан,
Қазақтың тұрды Абайы.
Ақыл мен жырың ұрпаққа,
Әлемді шарлап таралды.
Ай аунап, жылдар көшкенде,
Ұстаз боп Абай саналды.
Бозторғай әні емес бұл,
Салатын тағы қайталап.
Жердің шарын ояту,
Құмары жердің тарқамақ…
Өтеуі қайтты еңбектің,
Сылдырап ақты тас бұлақ.
Самалды жайлау, саумал көл,
Билейді жаңа жас құрақ.
Гуілдеп желі ғасырдың,
Ғарышты өбіп жатады.
Әлемге әйдік әділет,
Бырт-бырт үзді матауды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гау МЫҢ (Қытай ақыны) өлеңінің авторы кім?

Нұрмұхан Жанұзақұлы — осы өлеңнің авторы.

Гау МЫҢ (Қытай ақыны) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гау МЫҢ (Қытай ақыны) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрмұхан Жанұзақұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гау МЫҢ (Қытай ақыны) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері