Аяу – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Аяу» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қаншама өмір, қаншама өмір сүрілмей,
Қанша ғасыр кірпігіміз ілінбей,
Түңілетін сәттерден де түңілмей,
Үгілетін сәттерде де үгілмей
Жақсылыққа сенеміз...

Сүрінгіміз келсе дағы сүрінбей,
Жүрек жылап жатса дағы, күлімдей,
Жанымызды, о, тілімдей, тілімдей,
Басқаларға бір азабы білінбей
Жақсылыққа сенеміз...

Мың бір мұңнан айығып та үлгермей,
Дүниеге жаңа ғана келгендей,
Жақсылыққа қайта-қайта сенген-ей
Сені аяймын, шер кеуде...
Сені аяймын, шер кеудем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяу өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Аяу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері